+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ілияс Жансүгіров шығармаларының 20 томдық жинағы жарық көрді

2019 жылғы 13 қазан 12:48
Бөлісіңіз:
Ілияс Жансүгіров шығармаларының 20 томдық жинағы жарық көрді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда ақын, драматург, аудармашы әрі журналист Ілияс Жансүгіровтің 20 томдық жинағы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ақынның 125 жылдығы аясында жарық көрген жинақ 10 мың данамен басып шығарылды.

«Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өткен тұсаукесерге облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.

«Өскелең ұрпаққа қалдырған бай мұраны насихаттау мақсатында облыста көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткенімізді, тарихымызды, мәдени мұрамызды жан-жақты талдап, зерделеуге мүмкіндік туды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Рухани жаңғыру біздің басты бағдарымыз болып қала беретінін», - атап өтіп, бағдарламаның елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын айтып өткен еді. Бұл бағдарлама қазақтың ұлы ақынның мұрасын, қазақ әдебиетінің алтын қорының қазыналарын сақтауға, көбейтуге мүмкіндік берді», - деді облыс әкімі жиында.


Өңір басшысының айтуынша, Ілияс Жансүгіровтің еңбектерін насихаттау мақсатында аймақта көптеген маңызды шаралар, оның ішінде арнайы ғылыми экспедиция да жүргізілген.

«Экпедиция мүшелері Мәскеуге дейін барып, ақынның ерекше мұрағат құжаттары мен кітаптарының көшірмелерін әкелді», - деді ол.

Амандық Баталов сонымен қатар, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың қолдауымен биыл танымал ағылшын ақыны Белинда Куктың аудармасымен «Құлагер» поэмасы ағылшын тіліне аударылғанын мәлім етті. Аталмыш поэманы орыс әдебиетінің классиктері Пастернак, Мандельстам, Цветаева өз тіліне аударған болатын. Сонымен қатар, бұған дейін неміс ақыны Герд Хайденрейхтің арқасында туынды Гете тілінде де жарыққа шыққан.

Осыдан кейін сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет экпедицияның арқасында Мәскеуден ақынның 18 кітабы әкелінгенін атап өтті. Өз кезегінде филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып ақынның өмірі мен шығармашылығына егжей-тегжейлі тоқталып, оның ұлағатты ғұмырындағы еңбегі жайлы сыр шертті. Ал филология ғылымдарының докторы, Ілияс Жансүгіров атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш ақынның шығармашылық әлемі туралы сөз қозғады.

Ақын шығармашылығын зерттеудегі соңғы жетістіктері бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі Мұратбек Иманғазинов бөліссе, жазушы, «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің бас редакторы, Түркі бейбітшілік сыйлығының иегері Дәурен Қуат ақынның журналистік таланты туралы айтып берді.

Игі шара ақынның мерейтойына арналған республикалық «Жазба ақындар» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен жалғасты. Поэтикалық байқаудың бас жүлдесін ақын Байбота Көшім-Ноғай иеленсе, бірінші орынды ақын Серік Ақсұңқар иеленді.

Конференциядан кейін мерекелік шаралар ұлттық ат спорты жарыстарына ұласты.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT