Ілияс Смайылов: Әскери жиынға шақыру - қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскери жиынға шақыру - қоғам қауіпсіздігін қамтмасыз ету үшін қажетті шара. Мұндай пікірді Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті «Жас орда» жастар қауымдастығының төрағасы Ілияс Смайылов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлығы карантин жағдайында қоғкмдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шара. Мемлекет басшылығы еліміз қалыпты тыныс-тіршілігіне қайта келуі үшін барлық ресрустарды қолданып жатыр», - деді қауымдастық төрағасы.

Сонымен қатар ол мұндай жиындар жалпы қабылданған тәжірибе екендігін баса айтты.

«Өткен жылы әскери кафедраны бітіріп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде жалпыдалалық әскери жиыннан өттім. Оқытушыларымыз барлық уақытта да кез келген сәтте әскери қызметке немесе кезектен тыс жиынға шақыруы мүмкін екендігін түсіндірген еді. Олар мұндай жағдайға барлық уақытта дайын болуы керектігін де ескертіп отыратын», - деді Ілияс Смайылов.

«Жас орда» жастар қауымдастығының төрағасы қажеттілік туындаған сәтте Отан алдындағы борышын өтеуге дайын екендігін айта келе еліміздің барлық жастарында соған үндеді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған болатын.


Соңғы жаңалықтар