Ілия Жақанов 80 жаста

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл күні осыдан 80 жыл бұрын (1936) жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты ЖАҚАНОВ Ілия дүниеге келді.

Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1959-1963 жылдары - «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімнің меңгерушісі. 1963-1984 жылдары - Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы.
1984 жылдан бастап, бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғаш рет оқырмандарына «Қайта оралған ән», «Хош бол, вальс» кітаптары арқылы танылған. Қазақтың ұлы күйші, қобызшысы Ықылас туралы романы «Кертологоо» деген атпен алғаш рет қырғыз тілінде, кейін «Ықылас» деген атпен қазақ тілінде жарық көрді. Оның қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл» атты деректі жинақтары, сондай-ақ «Қарабура» тарихи-танымдық шығармалары, «Әселім әнім», «Даниярдың әні», «Еділ мен Жайық», т.б. халық арасына кеңінен танылған әндері бар. Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтың «Сынған қылыш» дилогиясын қазақ тіліне аударған. «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ» т.б. сал-серілер ғұмырнамалары, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Б.Байқадамов, Қ.Мусиндердің шығармашылық портреттерін сомдаған туындылары мен «Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музыка» атты деректі фильмдері бар.

Соңғы жаңалықтар