Ілия Оразақов «Kazakh Invest» компаниясының Дубайдағы өкілдігін басқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бұған дейін басқарушы директор лауазымын атқарған Ілия Оразақов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі шетелдік өкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оразақов Ілия Ерлікұлы 1983 жылдың 18 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 2000  жылы Washington secondary school (USA, Boston),  2004 жылы Қазақстан халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық қатынастар институтын, 2008 жылы Көкшетау мемлекеттік экономика университетін  бітірген.

2013-2015 жылдары аралығында «Алматы халықаралық спорттық жобалар дирекциясы» МҚ-ның директоры болған. 2015-2016 жылдары «Алматы» телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. 2016-2017 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаменті директорының орынбасары, Халықаралық қатысушылармен жұмыс департаментінің директоры болып істеген. 2017 жылдың мамырынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін  «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры болған. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік біледі.

Айта кетейік, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, сонымен қатар экпортты дамыту мен жылжытуға уәкілетті болып табылады. Шетелде өкілдерінің кең желісі бар. «Бір терезе» қағидасы бойынша инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық қызмет шоғырын қолдауды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары бойынша бірыңғай үйлестіруші орталық ретінде әрекет жасайды.

«Kazakh Invest» компаниясы жобадан кейінгі қызмет көрсету мен үйлестіру функцияларын орындап, жергілікті компаниялар мен шетел инвесторларының арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаратын болады. Мұндай шаралар мәселен, байланыстар орнату бойынша іс-шаралар, жергілікті өнім берушілер мен ХҰК деректер қорын әзірлеу, өнім берушілердің даму бағдарламасын бірлесе құру, сонымен қатар, басқа да мемлекеттік органдармен жиі бірлесе отырып кең реформалар өткізуді насихаттау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар