Іле өңіріндегі қысқы туризм насихатталуда- Шетелдегі қазақ тілді баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Іле өңірінде қысқы туризімді насихаттауға арналған іс-шара өтті - «Іле ақпарат» порталы

Іле Қазақ автономиялы облысының Текес ауданындағы Қаражон, Ақтас секілді туристік аймақтарында өңірдегі қысқы туризімді насихаттауға арналған ерекше іс-шара өтті, - деп жазады «Іле ақпарат» порталы.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, мерекелік іс-шарада туристік нысандар келушілерге әртүрлі қазіргі заманғы қарда жүргіш көліктер мен шаңғы, шана, шана-баллон секілді қарда сырғанайтын спорттық құрал-жабдықтарды ұсынған. Саяхатшылар осы іс-шарада қысқы спортттық ойындарға қызыға қатынасып, ерекше әсерге бөленген. Сонымен бірге қарлы далада самауырын қайнатып, ыстық сорпа ішіп, табиғат аясында тамақтанып, қақаған суық пен маздаған оттың өзгеше әсерін сезінген. Сондай-ақ, қыстың қыраулы күнінде ат бәйгесі, қызқуар, көкпар, теңге ілу секілді қазақ халқының ұлттық ат ойындары да өз ерекшелігімен ұйымдастырылған.Осы ұлттық өнер қазіргі күні жергілікті жердің түрлі мерекелік іс-шараларында көпшілікке көрсетіліп, әсіресе сырттан келетін туристердің қызыға тамашалайтын дүниесіне айналған.


Сонымен бірге аталған БАҚ қазақтар мекен еткен осы Қаражон, Ақтас секілді жайлаулардың қысқы әсем табиғаты мен осында өткен ерекше туристік іс-шараның ғажайып көркем көріністерінен фоторепортаж ұсынған.

Мектеп кітапханасы Қазақ балалар әдебиетінің антологиясымен толықты - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі Ташкент облысындағы №2 мектепке «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» атты 10 томдық кітап сыйлады, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

«Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Байбота Қошым-Ноғай құрастырған «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» атты он томдық жинақ «Қуыр-қуыр, Қуырмаш», «Ағайынбыз бәріміз», «Бейбіт күн», «Ғажайып құмыра», «Балапан», «Алтын киік», «Ортаншы ұл», «Алатау ертегісі», «Қарлығаштың ұясы», «Мынау ғазиз дүние» атты он кітаптан тұрады. Топтамада қазақтың көрнекті жазушысы, ағартушы Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлынан бастап орта буын және жаңа толқын жазушы, ақындардың шығармаларымен қоса ауыз әдебиеті, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер, мысалдар, ертегілер, хикаяттар сынды әр алуан жанрдағы туындылары енген.

Тұңғыш рет жарық көрген қазақ балалар әдебиетіндегі осынау антология ақпанның 8 жұлдызы күні Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданындағы 2-мектепте таныстырылымы өтті. Бүгінгі таңда аудандағы мектептер арасында және республикалық сайыстарда білім, спорт, өнер мен түрлі бағыттрда өзіндік ерекшелігімен көзайым болған білім ошағының кітапханасы осындай қымбатты қазынамен толығып отыр», - деп жазады «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Ердоған Ақсақалдар кеңесі делегациясын қабылдады TRT

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркі Мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесі делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Ыстамбұлдағы Вахдеттин сарайындағы қабылдауда Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесі төрағасы Бинали Йылдырым, Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы Фахреттин Алтун, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын және Президенттің хатшы Хасан Доған қатысты. Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесіне мүше елдер қатарында Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері бар. Түркіменстан мен Венгрия Кеңесте бақылаушы ел болып қабылданған», - деп жазады TRT.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің жаңартылған құрамындағы үшкүндік отырысына Қазақстан Республикасының өкілі Икрам Адырбеков қатысты. Кездесу 2021 жылғы 11 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған Ақсақалдар кеңесінің жаңа ережелеріне сәйкес алғаш рет өткізіліп отыр. Ақсақалдар Кеңесінің кезекті отырысын 2022 жылдың шілде айында Қырғызстанда өткізу жоспарлануда.


Қазақстан астанасында Иран туы мен елтаңбасы көрсетілді -Фарс

«Ислам революциясының жеңісі күніне орай Қазақстан астанасындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің мұрасына айналған «Нұр Әлем» павильонының үстінде ИИР туы мен елтаңбасы парсы және қазақ тілдеріндегі құттықтау мәтінімен бірге жарықтандырылды», - деп жазады Иранның Parstoday ақпарат агенттігі.




Соңғы жаңалықтар