Іле-Балқаш резерватына сырттан маман шақырылмайды

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қазақстандағы жолбарыстарды қалпына келтіру мақсатында құрылған «Іле-Балқаш» табиғи резерватында отандық мамандар ғана жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Марлен Айнабеков мәлім етті.

«Резерват штатына арналған қаражат республикалық бюджетте қарастырылған және ондағы флора мен фаунаны қалпына келтіру үшін сырттан маман шақырылмайды. Онда табиғатты қорғау, орман шаруашылығы саласындағы отандық мамандар мен біздің комитеттің қызметкерлері жұмыс істейтін болады» - деп атап өтті М.Айнабеков ҚР АШМ Жолбарыстарды қалпына келтіру жұмыстарына арналған жиналыста.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарында жолбарыстар тіршілік ететін «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты өз жұмысын бастайды. Қазақстандағы жолбарыстардың реинтродукциясы бойынша бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ресейдің Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілген.

Соңғы жаңалықтар