Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жаңа директор тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының директоры қызметіне Жәнбек Жұбаниязов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Жұбаниязов Жәнібек Бисенғалиұлы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының директоры қызметіне тағайындалды. Осыған дейін "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК бас директорының орынбасары қызметін атқарған», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Соңғы жаңалықтар