+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

«Іле Алатауы» паркіндегі шыршалар күні-түні күзетіледі

2019 жылғы 12 желтоқсан 17:43
Бөлісіңіз:
«Іле Алатауы» паркіндегі шыршалар күні-түні күзетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Іле Алатауы» ұлттық паркі басшылығы шыршаларды заңсыз отаудың алдын алу үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жаңа жылдық безендірулерді қиратқан бұзақылар ұсталды Ермек Маржықпаев Көкшетаудың басты шыршасының шамын жағу рәсіміне қатысты Елордада пластик бөтелкеден жасалған шырша орнатылды

Жаңа жыл қарсаңында мереке символы шыршаны заңсыз отайтындардың қатары көбейеді.

«Жасыл желекті қорғау мақсатында Іле Алатауы паркінде кезекшілік кестесі құрылды. Парктің 12 бақылау-өткізу пунктінде тәулік бойы кезекшілік тұратын болды», - делінген ұлттық парктің Facebook-тегі парақшасында.

Мамандардың айтуынша, қылқанжапырақты ағаштарды кескен жағдайда ҚР Үкіметінің №441 қаулысына сәйкес кесілген бір шыршаның орнына 15 АЕК, яғни 36 мың теңге айыппұл салынады. ҚР ҚК 340-бабының 2-тармағы бойынша 160 АЕК, 384 мың теңгеге дейін айыппұл салынып немесе 40 тәулікке қамалуы ықтимал.

«Халықтан табиғатқа ұқыптылықпен қарауын сұраймыз. Жүздеген жыл бойы өсетін шырша ағаштарын бір сәтте отауға болмайды. Мәңгі жасыл ағаштарды ұрпағымызға да қалдыруымыз керек», - дейді Іле-Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлері.

фото:facebook.com
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT