Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркіндегі шыршалар күні-түні күзетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу мақсатында кезекшілік және патрульдік кесте әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жыл қарсаңында мереке символы — шыршаны заңсыз отайтындардың қатары көбейеді.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми зерттеу жұмыстары және таулы агробиоәртүрлілік бөлім басшысы Салтанат Өсербаеваның айтуынша, жасыл желекті қорғау мақсатында Іле Алатауы паркінде кезекшілік кестесі құрылды. Парктің 14 бақылау-өткізу пунктінде тәулік бойы кезекшілік тұратын болды.

«Көп адам Жаңа жылды ісі аңқыған нағыз орман шыршасымен қарсы алғанды ұнатады, бірақ орманшылар қылқан жапырақты ағашты кеспеуге шақырады. Жүздеген жыл бойы өсетін шырша ағаштарын бір сәтте отауға болмайды. Мәңгі жасыл ағаштарды ұрпағымызға да қалдыруымыз керек»,- дейді», - дейді Ұлттық саябақ қызметкері.

Оның айтуынша, құқық бұзушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша жазаланады.

«Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескендер екі жүз сағат қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 200 АЕК айыппұл төлейді. Елу тәулікке қамауға алу шарасы да қолданылады. Тіпті мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылуы мүмкін»,- деп түсіндірді Салтанат Өсербаева.

Айта кетейік, жыл сайын ұлттық парк аумағында 0,2 гектар жерге Шренк шыршасының көшеттері отырғызылады.


Соңғы жаңалықтар