Іле-Алатау ұлттық паркінен жер телімін пайдалануға беру тендері мен конкурсы өткізілмейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Іле-Алатау ұлттық паркінен жер учаскелерін қысқа және ұзақмерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс пен тендер өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен жер учаскелерін туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыруға 25 жылға дейін ұзақмерзімді және 5 жылға дейін қысқамерзімді пайдалануға беруге бағытталған конкурс пен тендер өткізілмейді.

Комитеттің мәліметінше, бұған жоспарланған тендер мен конкурстың өтетін уақытына қатысты жіберілген техникалық қателік себеп болған.

Еске салайық, 2021 жылы ақпан айында Іле-Алатау ұлттық паркінде Экологиялық туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткен.

«Қоғамдық тыңдау хаттамасы Іле-Алатау ұлттық паркі мен Алматы қаласы және Алматы облысы туризм басқармаларының сайтында жарияланды. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру ережесіне сәйкес тендер және конкурс құжаттарының жобасы да ұлттық парктің интернет ресурсына салынды.

Жақын арада «Іле-Алатау» МҰТП тендер мен конкурс бойынша талқылау және түсіндіру жұмысын жүргізеді. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ұлттық парктің Қоғамдық кеңестерінің отырысы да өткізіледі», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар