+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Іле-Алатау ұлттық паркінде балалардың тау-шаңғы базасын құру ұсынылды

2021 жылғы 4 мамыр 23:16
Бөлісіңіз:
Іле-Алатау ұлттық паркінде балалардың тау-шаңғы базасын құру ұсынылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында парк аумағында экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды. Мәселен, балаларға арналған тау шаңғысы спортын дамыту базасын дайындау туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2021 жылы ақпан айында Іле-Алатау ұлттық паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық тыңдау хаттамасы Іле-Алатау ұлттық паркі мен Алматы қаласы және Алматы облысы Туризм басқармаларының сайттарында жарияланды. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру ережесіне сәйкес тендерлік және конкурстық құжаттар жобасы да ұлттық парктің интернет-ресурсына салынды.

«Қазіргі уақытта Ұлттық парк экологиялық туризм қызметіне жерлерді ұзақмерзімді пайдалануға берілетін учаскелер саны 9-дан 8-ге, яғни 171 гектарға, қысқармерзімді пайдалануға ұсынылатын жерлер 26-дан 11-ге, 7,9 гектарға азайды. Ұзақмерзімді жобаларға қойылатын негізгі талап - кешенді құрылыс жүргізбей, қайта алынатын қадалар қағу немесе геобұрандалар технологиясын қолдану және жердің құнарлы топырағына зиян келтірмеу. Сонымен қатар қалдықтарды басқару, тазалау құрылғыларын қолдану мүмкіндіктерін қарастыру керек»,- деді Іле-Алатау МҰТП директоры Дамир Малгелдиев.

Атап өтейік, қоғам өкілдерінің пікірін ескере келе ұлттық парк жерлерін ұзақмерзімді пайдалануға беру 49 жылдан 25 жылға, қысқамерзімді пайдалануға беру 5 жылдан 1 жылға қысқарды. Қоршаған ортаға залал келтірмеу талаптары сақталмаса, Ұлттық парк келісімшартты біржақты негізде бұза алады.

Жиында Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Сабина Амангелді «ЦСКА» тау шаңғы базасын реконструкциялау жобасын таныстырды. Кеңес мүшелері аталған нысан әсіресе, балаларға ыңғайлы белсенді демалыс аймағы ретінде дамуы тиіс екендігін атап өтті. Алдағы уақытта аталған жерде балалар тау шаңғысы базасын жасау мәселесі мен басқа да жобалар тағы да кеңес талқысына салынады.

Жиын қорытындысы бойынша кеңес мүшелері экотуризм жобасын жүзеге асыру жоспарланған учаскелерде көшпелі жиналыс ұйымдастыру туралы шешімге келді.

Атап өтейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмді дамыту азаматтардың бойында табиғатқа жанашырлықты қалыптастыруға септігін тигізетін экологиялық ағарту жұмысын жүргізуге және жергілікті халықты қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Тендер мен конкурсқа қатысты ақпарат, қабылданған шешімдер жайында ақпарат Алатау ұлттық паркінің сайтында жарияланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT