Іле-Алатау ұлттық паркінде 5 гектарға жайылған орман өртін тікұшақпен сөндіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Іле-Алатау ұлттық паркінің Ақсай филиалы Қаскелең орманшылығы аумағында орман өрті тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қыркүйек 13.30 шамасында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бақылаушы ұшқышы Қаскелең орманшылығы 12 орамының 6 телімінде орман өртін анықтады.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмысына:

- Ұлттық парктен: 60 адам, 10 техника, 1 арнайы өрт сөндіру машинасы, 4 атты адам және 3 мотоцикл;

- «Қазавиаорманқорғау» РМҚК суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы;

- Алматы облысының ТЖД-дан 25 адам, ТЖМ №28237 азаматтық қорғаныс бөлімінен 50 адам (полк), 9 техника, оның ішінде 1 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің алдын ала аумағы - 5 гектар деп болжанып отыр. Оның ішінде 2 га орманмен көмкерілген.

28 қыркүйекте МИ-8 тікұшағы 4 рет су шашты.

Сондай-ақ, П1-00 сыртқы аспалы қондырғысынан стационарлық ыдысы бар су жеткізілді.

Орман өрті ор қазу және арнайы құрылғымен сөндіріліп жатыр.

Орман өртінің түрі төменгі, тұрақты, орташа. Қазіргі уақытта жану ошағы жоқ.



Соңғы жаңалықтар