Іле-Алатау табиғи паркіне кіру төлемі электрондық жүйеге көшеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Іле-Алатау» паркіне кіру төлемі электронды жүйе арқылы іске асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа сілтеме жасап.

«Іле-Алатау» паркіне кіру төлемін толығымен электронды форматқа көшіреміз. Бұл — көлеңкелі қолма-қол ақша аударымдарына тосқауыл болып, қаланың бірегей табиғат бұрышын сақтауға бағытталатын қаражат түсімін арттыруға септігін тигізбек. Жүйеде онлайн төлем мен броньдау бар», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар