Іле Алатау паркі Александр Винокуровтың бастамасын қолдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Іле Алатау паркі» басшылығы Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың тазалық туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парк басшылығы Фейсбуктегі парақшасында қалалықтарды табиғат аясында тазалық сақтауға шақырды.

«Сіздерден тауға демалуға келген кезде тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды сұраймыз. Өкінішке орай, таудағы тазалық - біздің басты проблемаларымыздың бірі. Осы түйткілді мәселені шешу үшін парк басшылығы қолынан келгенді жасап жатыр. Бүгінде Алмаарасанда 3 техникалық жұмысшы және 13 орманшы тазалық үшін жауапты. Ал парктің территориясы 26 692 гектар екенін ескерсек, әр жұмысшы 1 670 га аймақтың тазалығын бақылауы керек. Бұл өте қиын жұмыс. Сондықтан тазалықты кез-келген азамат сақтаса жақсы болар еді», - делінген жазбада.

Парк басшылығы кадр тапшылығын жою мәселесін бірнеше рет көтеріп келген.

«Бірақ, жалақысы аз жұмысқа екінің бірі келісе бермейді. Аталған аймақтан қоқыс шығаруға 2 техника жұмылдырылған. Қоқыс жазда - күніне 2 рет, қыста аптасына 3 рет шығарылады», - деді парк басшылығы.

Айта кету керек, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Үлкен Алматы көліндегі қоқысты жинап, қалалықтарға үлгі көрсеткен болатын

 

Соңғы жаңалықтар