+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Ілбістің саны 20 жылдан кейін тағы 10% азаяды - БҰҰ

2019 жылғы 24 қазан 12:21
Бөлісіңіз:
Ілбістің саны 20 жылдан кейін тағы 10% азаяды - БҰҰ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ілбіс жойылып кету қаупі алдында тұр. 2040 жылы ілбістердің популяциясы тағы 10%-ға қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі БҰҰ-ға сілтеме жасап.

БҰҰ дерегі бойынша, әлемде 4000-7500 ілбіс қалған. Оларға «мифтік жануар» деген атау да берілген, себебі олар адамның көзіне сирек түседі.

Халықаралық табиғатты қорғау одағы атап өткендей, браконьерліктен басқа басты қауіптердің бірі – шаруашылық қызметті кеңейтіп, адамдардың барыс мекендейтін аумаққа өтуі. Өйткені, бұл жануарлар әрі қарай орманға жылжиды, ал ілбістің саны азайып барады.

Тағы бір фактор – климаттың өзгеруі. Соның салдарынан экожүйе өзгеріске ұшырып, адамның да, ілбістің де өміріне ықпал етуде.

Тәжікстан мен Қырғызстанда БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бойынша «Жойылып бара жатқан қазына» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қырғызстанда ілбістер саны — 500. 2013 жылы ілбісті сақтау бойынша жаһандық стратегия қабылданды. Қазақстан бұл жобаға былтыр қосылды.

«Ілбіс мекендейтін елдердің жергілікті қоғамдастығын осы мәселені шешуге тартудың маңызы зор. Адамдардың әрекетін өзгертіп, жергілікті тұрғындарды жұмылдыру қажет. Иә, ілбістерді өз көзімен көргендер саны аз. Дегенмен, олар өмір сүріп жатыр және біз оларды құтқаруымыз керек!», - деп хабарлады БҰҰ Бас хатшылығының көмекшісі Джихан Султаноглу.

Айта кетейік, Қазақстанда ілбістің саны 130 – 150 деп бағаланып отыр. Ол Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларын мекендейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БҰҰ, Алматы облысы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

-Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT