Ильяс Жұмай қошқар көтеруден рекорд орнатты
2018 жылғы 15 маусым 13:24

Ильяс Жұмай қошқар көтеруден рекорд орнатты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасының жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама қатысушылары қошқар көтеру, асық ату, бағанаға өрмелеу, арқан тарту, гір көтеру спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие болды.
null null null

Ораза айт мерекесінің бірінші күні жиналған 3 мыңнан астам адам ерекше шараға куә болды. Жарысқа қатысушылар қошқар көтеру сайысына қызығушылық танытты. Барлығы 3 қошқар ойнатылып, соның бірін еркін күрес палуаны, ұлттық құраманың мүшесі Ильяс Жұмай болды. Ол 40 кг салмақты қошқарды 205 рет көтеріп осы жерде рекорд орнатты.

«Осындай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Одан да көп көтеруге күшім жетер еді, бірақ барлығы бірауыздан жеңісті маған бергендіктен жалғастырудың мәні болмады. Өзім еркін күреспен 8 жастан бері айналысып келемін. Сондықтан болар, қойдық салмағы жеңіл көрінді», - деді Иляс Жұмай.

Бағдарлама аясында 16 маусым күні мешітке келуші жамағат арасында футбол лигасы басталады. Almaty Arena стадионында өтетін ойынға барша Алатау ауданындағы мешіттер жамағаты қатыса алады. Бұл жолы лиганың жалпы жүлде қоры 1 млн теңге.

null null null

Jańalyqtar

MURAǴAT