Илья Жақанов 78 жасында дипломдық жұмысын қорғады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда Халел Досмұхамедов атындағы университеттің 78 жасар студенті Илья Жақанов дипломдық жұмысын қорғады.

«Бала кезімнен бастап, сурет салуға икемім бар-тын. Алайда туа бітті қабілетімді дамытуға мүмкіндік болмады: өмір бойы басқа жұмыспен айналыстым. Әрі білімім де жетпеді. Міне қартайған шағымда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн бөлімшесіне түсіп, осы олқылықттың орнын толтырдым, дипломдық жұмысымды қорғадым», - деді И. Жақанов. Илья Жаканов - композитор, жазушы, публицист, музыкалық сыншы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университенінің филологиялық факультетін аяқтағаннан кейін теледидар мен радио хабар тарату бойынша Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Мемлекеттік комитетінде әдеби редактор, Қазақ радиосында музыка редакциясының бас редакторы болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар