+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Илья Ильин жоғары оқу орнында дәріс беретін болды

2020 жылғы 5 маусым 11:32
Бөлісіңіз:
Илья Ильин жоғары оқу орнында дәріс беретін болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Белгілі ауыр атлет Илья Ильин алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жастарға дәріс беретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы ветеринария басқармасына жаңа басшы келді ҚР ИИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жаңа төраға келді Сергей Черненок Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болды

Илья Ильин аталған жоғары оқу орнында білім алған. Ауыр атлет университет ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен жүздесу барысында ұстаздарына өзінің ризашылығын жеткізді. Оған білім алушы жастарға дәріс беру ұсынысы айтылды. Кездесуде университеттің спорт саласындағы жетістіктерін арттыру мақсатындағы жұмыстар мен Илья Ильин мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланды. Бұл ұсынысты ауыр атлет қабыл алды.

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлем чемпионы болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде шеберлігін көрсетті.

Бұдан бұрын Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT