Илья Ильин талдықорғандықтармен бірге Конституция күнін тойлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Зілтемірші Илья Ильин талдықорғандықтармен бірге Ата заң мерекесін атап өтті. Ол «Жастар» саябағында өткен мерекелік шараға қатысып, көпшілікпен тілдесіп, естелік суретке түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, спорттық жарыстардан шектеу мерзімі аяқталған ауыр атлет Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына қатысады. Бұл додада Илья Ильин 102 кг салмақта бағын сынайды. Спортшы 2 қыркүйек күні өнер көрсетеді. 


 null

null  

«Жастар» саябағында өткен салтанатты шарада концерттік бағдарламалар мен түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жетісулықтарды Конституция күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

«1995 жылдың 30 тамызы - тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы аса маңызды кезең. Дәл осы күні қабылданған негіз қалаушы Заң еліміздің қарқынды дамуы үшін жағдай жасап, конституциялық құқық пен нормалар мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа берік енді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Негізгі Заңға сүйене отырып, әрқайсысы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған заманауи салаларды дамыту, келешегі бар бағыттарды нығайту, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті жақсарту саясатын жүргізіп келеді. Мұны тұрғын үйлер мен аса маңызды әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы қарқынды түрде дамып, ірі жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып отырған Алматы облысының бүгінгі жағдайынан-ақ айқын аңғаруға болады. Еліміздің Басты Заңының жасампаздық әлеуетін ретімен жүзеге асыра отырып, туған өлкені гүлдендіруге бағытталған жаңа жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді өңір басшысы өз құттықтауында.
null 

null null 

Соңғы жаңалықтар