Илья Ильин спорттан саясатқа кете ме
«Әлем чемпионатына жаттықтырушы және спортшы ретінде де қатыстым. Ауыр атлетикадан білімім бар, қазақстандық ауыр атлетика федерациясында команда менеджері бола алатын едім. Жасым 30-ға келді, әрі қарай не істейтінімді ойлауым керек. Спортшыларға спорттағы өмірден кейін қарапайым өмірге бірсарынды еніп кету оңай емес. Сондықтан біраз еңбектенуге тура келіп отыр», - деді И.Ильин.
Бұл ретте спортшы болашақ мансабын саясатпен байланыстыруды жоспарлап отырған жоқ.
«Саясатқа келу үшін білімді болып, көпті көруің керек. Ол үшін кем дегенде тағы 10-12 жыл өтуі тиіс. Маған жақсы қызмет ұсынса да, не істеу керектігін түсіну үшін спорттық менеджментті меңгеріп алу керек. Бұл өте маңызды», - деп санайды спортшы.
И.Ильиннің пікірінше, қазіргі кезде қазақстандық ауыр атлетикада «қайта жүктеу» болып жатыр.
«Қазір біз қызықты, жаңа нәрсені құруға талпынып отырмыз. Осыдан 5 жыл бұрынғыдай мол алтын медальға қалай қол жеткізетінімзді ойластырып жатырмыз», - деп атап өтті ол.
Фото: Борис Бузин