Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло әлем чемпионатына қатысатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына қатысатын ҚР құрамасының құрамы белгілі болды. Тізімде допингпен байланысты жағдайдан соң жарыстардан шеттетілген Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Илья Ильин мен Зульфия Чиншанлоның жарыстардан шеттетілу мерзімі аяқталды.

Федерацияның сайтында таратылған мәліметтер бойынша, жуырда Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының кеңейтілген бапкерлер құрамының кеңесі өтті. Оған федерация басшылығы мен ұлттық құраманың бапкерлер штабының өкілдері де қатысты. Жиын барысында Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына дайындық барысы мен осы шарамен байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ әлем чемпионатына Қазақстан атынан баратын спортшылардың тізімі бекітілді.

«Федерация атына IWF ұйымынан Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына тізімдегі барлық спортшылардың қатысуына рұқсат берілгендігін растайтын құжат келді. Баршаға мәлім, алдағы чемпионат қазақстандық ауыр атлеттердің жарыстардан шеттетілгеннен кейінгі алғашқы халықаралық бәсекесі болмақ. Жарыстардан шеттетілу мерзімі аяқталмай тұрып бізге бірқатар талаптар мен міндеттемелерді орындау туралы арнайы шарт қойылған болатын. Біз олардың барлығын толығымен орындадық және бізге жолданған құжат осы сөзіміздің жарқын дәлелі. Қорыта айтқанда, біз бекіткен ұлттық құрама жуырда өтетін әлем біріншілігіне толық қатысады»,-деді Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алексей Головин.

Осылайша, дүбірлі додаға ұлттық құрама сапында мына спортшылар өнер көрсететін болды:

Ерлер:

Арли Чонтей, 55 килограмға дейін
Фархад Харки, 67 килограмға дейін
Нижат Рахимов 73 килограмға дейін
Айдар Қазов 81 килограмға дейін
Денис Уланов 89 килограмға дейін
Рүстем Сыбай 96 килограмға дейін
Илья Ильин 102 килограмға дейін
Александр Зайчиков 109 килограмға дейін
Ибрагим Берсанов 109 килограмға дейін
Елдос Сайлау +109 кг.

Әйелдер:

Зульфия Чиншанло 55 килограмға дейін
Сәуле Садуақасова 59 килограмға дейін
Әсем Садықова 64 килограмға дейін
Карина Горичева 64 килограмға дейін
Надежда Лихачева 71 килограмға дейін
Екатерина Столяренко 71 килограмға дейін
Екатерина Быкова 76 килограмға дейін
Раушан Мешитханова 87 килограмға дейін
Айзада Муптилда +87 кг
Александра Аборнева +87 кг

Айта кетейік, 2018 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты IWF ұйымының 2018 жылдың шілдесінде қабылдаған жаңа көрсеткіштер бойынша өтеді.

Соңғы жаңалықтар