Илья Ильин Лондонда шеберлік сабағын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Лондондағы жаттығу залдарының бірінде британдық ауыр атлетика әуесқойлары үшін шеберлік сабағын өткізді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.

Ильяның Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында орналастырған фотосуретте оның «оқушылары» Олимпиаданың екі дүркін және әлемнің төрт дүркін чемпионының әрекеттеріне мұқият қарап, жаттығуларын қайталап тұр.

Бұған дейін хабарланғандай, Ильин Лондондағы орталықтардың бірінде тіл үйренуде. Әлеуметтік желілердегі фотоларға қарағанда, спортшы оқу және жаттығу процестерін бірге алып жүр.

Соңғы жаңалықтар