+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Илья Ильин қайрымдылықпен айналыса беретін болады

2016 жылғы 9 желтоқсан 22:19
Бөлісіңіз:
Илья Ильин қайрымдылықпен айналыса беретін болады

АСТАНА. КазАқпарат - Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин өзінің қайырымдылық шараларына қатысты қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Негізінде мен қайырымдылықпен өзім ойлаған дәрежедегідей айналысып жүрген жоқпын. Мен спорттық карьерамды енді ғана аяқтап, мемлекеттік қызметкер не болмаса бизнесмен боламын. Қайырымдылық деген бұл рухани дүниемен байланысты. Түптеп келгенде әр адам күнде бір қайырымдылық жасайды. Ол өзінің жақындары үшін, баласы үшін, тіпті досы үшін де болуы мүмкін. Әр адам өмрінде осындай бір әрекет жасауы керек. Қайырымдылық мен үшін адамдарды біріктіретін фактор. Егер сіз біреуге бірдеңеңізді бере алатын болсаңыз, Сіз оны ешқандай қайтарымсыз істеуіңіз керек. Бұл бейбіт өмір үшін қажет»,-деді спортшы журналистерге Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мейірімділік керуені» атты қайырымдылық көрсетушілердің екінші форумында.

Ақпарат құралдары өкілдерінің табанды сұрауының арқасында Ильин өзінің бір жақсы іс істегені туралы айтып берді. Бұл ретте ол өзінің жасаған жақсылықтары туралы көп айтуды ұнатпайтындығын да ескерте кетті.

«Бейжің Олимпиадасының сыйлығына мен спорт алаңын салдым. Ол жерде қазір балалар жаттығып жүр. Бұл алаң мен өмірге келген перзентхананың маңында орналасқан. Оның құрылысына жан-тәніммен менің өзім де қатыстым. Кейде балалардың онда ойнап жүргендерін көргенде іштей осындай жағдайдың қалыптасуына менің де бір қосқан үлесім болған екен ғой деп таңқалып та қоямын. Мен өзімнің бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып жатқан кішкентай ғана өмірімде күнде аз да болсақ жақсы іс істеуге тырысамын. Өйткені мейірімділік - менің өмірімнің қозғаушы күші»,-дейді ол.

Айта кетейік, түптеп келгенде Ильин қайырымдылықпен айтарлықтай белсенді айналысады. Ол көмекті қажет ететіндер үшін ұйымдастырылған акциялар мен веложарыстарға және өзге де түрлі шараларға қатысып тұрады.

Жақында Халықаралық Олимпиадалық комитет Илья допинг қолданды деген күдікпен чемпионның медальдарын қайтарып алатынын жария етті. Қазақстандықтар спортшыға қолдау көрсетіп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT