+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Илья Ильин бастаған кіл мықтылар Азия чемпионатына қатысады

2019 жылғы 10 сәуір 12:00
Бөлісіңіз:
Илья Ильин бастаған кіл мықтылар Азия чемпионатына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтетін лицензиялық Азия чемпионатына Жазира Жаппарқұл, Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Нижат Рахимов бастаған кіл мықтылар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне берген сұхбатында ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников айтты.

Аталған лицензиялық «Сарықұрлық» додасы 20-28 сәуір аралығына Қытайдың Нинбо қаласында өтеді. Құрлық біріншілігі - 2020 жылғы Токио Олимпиадасына ұпай беретін маңызды алты турнирдің бірі.

Тілшінің «Қытайдағы сары құрлық додасында кімдерге сенім артамыз?» деген сауалына бас бапкер ерлер арасында Арлей Чонтей (55 келі), Фархад Харки (67 келі), Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 келі), Нижат Рахимов (89 келі), Илья Ильин, Рустам Сыбай (96 келі), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, Селімхан Абубакировқа (109 келі), әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (55 келі), Карина Горичева (64 келі), Екатерина Столяренко, Екатерина Быкова (71 келі), Жазира Жаппарқұл (76 келі), Раушан Мешітханова (81 келі), Лариса Кобелева (87 келі), Айзада Мүфтілдаға (+87 келі) сенім артатыны туралы айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT