Илья Ильин барлық қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

«Барлықтарыңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Барлығымыз бақытты болайық, бәрі де жақсы болсын, елімізге молшылық, табыс, амандық тілеймін, әлемде бейбітшілік жасасын», - деп өз тілегін И.Ильин ҚазАқпарат арқылы жеткізді.

Ол биылғы жылғы мерекені Қызылордада тұратын ата-анасының дастарханында қарсы алатынын айтты. «Жұбайым мен қызыммен бірге Қызылордаға, ата-анамның үйіне барамын. Туған қаламда жаңа жылды атап өтпегелі бес жыл болды. Биыл Ильиндердің бүкіл отбасын жаңажылдық үстел басында қоспақшымын», - деп атап өтті И.Ильин.

Олимпиада чемпионы өзінің балалық шағы кезіндегі жаңажылдық мерекелерін ұмытпаған. «Балалық шағым спорттық болды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі шырша мерекелері, тәтті сыйлықтар - бәрі есімде. Ал ең басты сыйлық ауыр зілтемір болды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар