Илья Ильин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Илья Ильин жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған біріншілікте бүгін 96 келі салмақта Илья Ильин сынға түсті. Алайда ол әлем чемпионатын бар болғаны 13-ші орынмен аяқтады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша (168+195) 363 келіні бағындырды.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионатында осыған дейін 55 келі салмақта қазақстандық Игорь Сон күміс жүлдегер атанған болатын.

Сондай-ақ, ерлер арасынан Арли Чонтей (55), Нижат Рахимов, Айдар Қазов (81) пен Денис Ұланов (89) сынға түсіп барлығы жүлделі орындарға қол жеткізе алмады. Ал әйелдерден бақ сынаған Зульфия Чиншанло (55) төртінші орынға ие болса, Екатерина Быкова (71) жетінші орынмен әлем біріншілігін аяқтады.

Енді, Қазақстан құрамасы сапынан 26 қыркүйекте соңғы болып жарыс алаңына Ибрагим Берсанов (109 келі) шығады.



Соңғы жаңалықтар