Илья Ильин әлде Гаджи Гаджиев: Ертең Ауыр атлетика федерациясының жаңа президенті сайланады

None
Фото: ortcom.kz/ жеке мұрағат
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 17 наурызда Астанада ҚР Ауыр атлетика федерациясының (ҚР ААФ) сайлау конференциясы өтеді. Федерация президенттігіне екі үміткер – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев ұсынылды. Спорт ұйымын 2013 жылдан бері басқарып келген Федерацияның экс-президенті Жанат Түсіпбеков өз қызметін қорытындылап, жаңа басшының алдында тұрған міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Жанат Рашидұлы, 17 наурызда ҚР ААФ Президентінің сайлауы өтеді, неге өз кандидатураңызды ұсынбадыңыз?

- Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) конституциясына сәйкес, президент қатарынан екі мерзімнен аспайтын мерзімге сайлана алады және біз үшін осы ұйымның мүшесі ретінде оның негізгі нормалары мен ережелерін сақтау маңызды.

Маған федерацияның президенті лауазымына екі рет сайлану бақыты бұйырды. Оған екі олимпиадалық цикл кіреді және бұл 2013 жылдан бері жеткілікті үлкен кезең. Біз ҚР Федерациясының барлық командасымен бірге осы олимпиадалық спорттың дамуына лайықты үлес қостық деп санаймын және бүгінгі таңда біздің ауыр атлетика Қазақстандағы жетекші спорт түрлерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар біз халықаралық аренада да көшбасшылықты сақтап келеміз, бұл туралы спортшыларымыздың нәтижелері айтып тұр.

Басқа мамандарға жол беретін уақыт келді.

- Федерацияны бас қару тәжірибе ң і з туралы айтып бер сеңіз.

Ашық айтайын – бізге ауыр мұра қалды. 2013 жылы айыппұлдар мен жекелеген спортшыларымыздың дисквалификация мәселелерін шешу, сондай-ақ Қазақстан құрамасының халықаралық старттарға одан әрі қатысуын қамтамасыз ету міндеті тұрды. Сонымен қатар 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларымыздың үлгілерін сынау қорытындысы бойынша Олимпиадалық қозғалыстағы орнымыз туралы түбегейлі сұрақ туындады. Сол кездегі заңсыз препараттарды қолдану – допинг біздің командаға ғана емес, жалпы спортқа кері әсерін тигізгенін мойындаған жөн. Ауыр атлетика Олимпиада бағдарламасынан мүлдем алынып тасталады деген нақты қауіп болды.

Содан кейін біз өзіміз үшін бірқатар міндеттерді анықтадық. Бірінші кезекте ұлттық құраманың жаңартылған құрамы құрылды. Оқу процесі, тамақтану жүйесі және диеталық қоспалармен қамтамасыз ету толығымен қайта қаралды. Сондай-ақ біз допингтің зияны және оның ағзаға енуіне жол бермеу туралы ақпараттандыру қызметіне ерекше назар аудардық. Себебі спортшы ішетін тағамына толығымен өзі жауапты.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мен Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) бізге деген көзқарасын өзгертуі де маңызды болды. Ол үшін негізгі шартты орындау керек болды –қазақстандық ауыр атлетиканы допингтен арылту, бірақ сонымен бірге біздің команданың халықаралық жарыстардағы көрсеткішін сақтау. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған сын-қатерлерді сәтті еңсергеніміз анық.

- Жұмыс атқарған жылдарыңызда болған қандай негізгі жетістіктерді атап өте аласыз?

- Біз үш негізгі бағыт бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік деп айта аламын: халықаралық деңгейдегі допингсіз спорт рейтингінде біз жаңа тарихымызда ең жоғары орынға ие болдық және нәтижесінде мұны IWF пен ХОК мойындады. Екі олимпиадалық циклде біздің спортшылар тамаша нәтиже көрсетті – Риодағы Олимпиадада алты медаль және Токиода екі медаль. Жастарымыз бен жасөспірімдеріміз де артта қалған жоқ – өткен жылдың өзінде олар Мексикада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 21 медаль, Өзбекстанда өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында 47 медаль (жеке жаттығуларды қосқанда), Ислам ынтымақтастығы ойындарында біздің жүлделер саны бойынша команда көш бастады. Ең бастысы, менің ойымша, біз осы жылдар ішінде әлемдегі ең мықты жас командалардың бірін тәрбиелеп, қазақстандық ауыр атлетика мектебінде үздіктерді сақтап қалдық.

– Ал ел ішінде қандай жетістіктерді атап өтуге болады?

- Мен федерацияның президенті болып сайланғаннан кейінгі келесі жылы, 2014 жылдың қараша айында қазақстандық спорт тарихындағы ең ірі халықаралық турнир - Алматыда ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын өткіздік. Іс-шараның ұмытылмас болғаны соншалық, Халықаралық федерация басшылығы оны ұйым мен қонақжайлылық тұрғысынан IWF тарихындағы сол уақыттағы ең үздік іс-шара деп таныды. Бұл турнир туралы бүгінгі күнге дейін әртүрлі елдердің әріптестеріміз жылы сөзбен еске алады. Содан бері біз бүкіл әлем бойынша көптеген спорт өкілдерімен ерекше сенімді қарым-қатынаста болдық. Ал менің кандидатурам Тайландта өткен конгрессте IWF вице-президенті лауазымына ұсынылып, сайланды.

Кейін Чемпионаттың барлық қорын республикамыздағы ауыр атлетика секцияларына бердік, соның арқасында өңірлерді қамтамасыз етіп, «штанганы» бұқаралық спорт түрі ретінде дамытуға серпін бердік. Демеушілермен әрі қарай жұмыс жасап, қаражатты тартып, оның ішінде жақсы жүлде түрінде де, спортшылар мен жаттықтырушылар ынтасын арттырды, көптеген жас жігіттерді ауыр атлетикаға тартты, бұл тамаша резервті қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Инфрақұрылымға келсек, біз «Жас-қуат» бағдарламасын қолға алып, жүзеге асырдық. Оның аясында бірқатар ауыр атлетика залдарын жөндеуден өткізіп, кәсіби құрал-жабдықтармен жабдықтап қана қоймай, дарынды спортшыларға қаржылай қолдау көрсеттік.

Бұл бастамалардың жұмысының ең жақсы дәлелі спортымыздың өңірлердегі балалар арасындағы танымалдылығының артуы және, әрине, соңғы бес жылда біздің жастар құрамасының көрсеткен нәтижелері болды.

- Халықаралық федерацияда осы ұйымның вице-президенті және маркетинг комиссиясының төрағасы лауазымындағы жұмысыңыз немен есте қалды?

- IWF-тегі жобалардың бірі ұйымды басқару жүйесінде реформаларды жүзеге асыру және допингке қарсы бағдарламаны ХОК қамқорлығымен тәуелсіз ұйымдарға беру болды. Маркетинг комиссиясы жобасында жұмыс істеу бізге қосымша демеушілік қаржыландыруды тартуға және спортымыздың имиджін әлемде танылуын арттыруға мүмкіндік берді. Әрине, соның арқасында біздің Федерация барлық континенттерде көптеген достар тауып, Қазақстанның Олимпиадалық қозғалыстағы беделін нығайтты.

– Алдағы кәсіби жоспарларыңыз қандай және жаңа президентке не тілер едіңіз?

- Мен үшін ҚР ААФ мен IWF жұмыс істеу – қоғамдық қызметі мен кәсіби қызметінің маңызын бірдей көретін адамдар әлемін ашқанын мойындаймын. Осындай адамдардың арқасында Олимпиадалық қозғалыс біздің әлемде салауатты өмір салтын жүргізуші ретіндегі маңызды рөлін сақтайды деп санаймын.

Мен Қазақстан спортының дамуына өз үлесімді қосу үшін одан әрі жақын болуды жоспарлап отырмын.

Жаңадан сайланған президентке жаттықтырушылар мен спортшыларды дайындайтын мектебіміздің ең үздік дәстүрлерін сақтап қалуын тілеймін! Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, спорт ардагерлерімізді қолдау тетіктерін әзірлеу, өңірлерді құрал-жабдықтармен жабдықтау бағдарламаларын жалғастыру, спортымызды допингтен арылту жұмыстарын жүргізу маңызды деп есептеймін. Сондай-ақ IWF-пен серіктестікті сақтауға ерекше мән беру керек.

Маған дейін де, он жыл бойы менімен бірге жұмыс істеп, Қазақстандағы ауыр атлетиканы қолдап, дамытқан барлық әріптестеріме, тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, әкімдіктерге, демеушілерімізге шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер! Спортшыларымызға жаңа жетістіктер, алдағы барлық жарыстарда жарқын жеңістер тілеймін!


Соңғы жаңалықтар