+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

2017 жылғы 13 қараша 17:30
Бөлісіңіз:
Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин Илья Ильиннің 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның кейсі екі жылға спорттан шеттетіліп, Олимпиададан тыс барлық нәтижелері сақталған Мая Манеза кейсімен шамалас», - деді Омар Мұстафин IWF допингке қарсы халықаралық конференциясында журналистерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді.

Алайда ауыр атлетті спорттан шеттету туралы шешім әлі қабылданған жоқ.

Федерация басшысының айтуынша, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ісі бойынша шешім қабылдау бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT