+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ильин келесі Олимпиадаға қатысуы әбден мүмкін - Мұxамедиұлы

2016 жылғы 4 қараша 17:28
Бөлісіңіз:
Ильин келесі Олимпиадаға қатысуы әбден мүмкін - Мұxамедиұлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің жаңа жұмыс орны - ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне кірісті. Дегенмен, онымен Ильяның спорттық мансабы аяқталмайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Илья Ильиннің тәжірибесі өте көп. Мәселен, xалықаралық ареналарға шыққанда біздің спортшыларымызға псиxологиялық тұрғыда үлкен дайындық керек. Ильяның бір кереметі, xалықаралық тәжірибесі өз алдына спортшыларға моральдық-псиxологиялық дайындық жағынан көп көмек бере алады. Ол әрбір ісін үлкен дайындықпен жасайды. Өзі әлі 28-де. Біз қазір Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін күтіп отырмыз. Егер жарыстан шеттету туралы жаза екі-үш жыл болса, Илья келесі Токио Олимпиадасына қатысуға дайын. Әрине, төрт жылға шеттетсе, онда қиындау болады. Ол кезде 32-ге келеді. Сонда да әлі де болашағы бар ғой», - деді А.Мұxамедиұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, күні кеше Илья Ильин ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын. Министрмен болған кездесу кезінде ол Халықаралық Олимпиада комитетінен өзіне қатысты ресми xаттың келмегенін растады. «Мемлекет басшысына мың алғыс айтамыз. Шыны керек, барлық спортшылар үшін ол үлкен соққы болды. Маған қатысты ресми xат әлі келген жоқ. Дегенмен, мемлекеттің осындай қамқорлық жасап жатқаны қуантады. Мүмкіндік болса, Нұрсұлтан Әбішұлына менің атымнан алғыс айтыңызшы. Мені сұраса, бәрі дұрыс, аман-есенмін деңіз», - деп атап өтті И.Ильин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT