Ильфат Абдулин садақ атудан Токио Олимпиадасын аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 31 шілде күні Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті. Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ильфат Абдуллин жарыстың 1/8 финалында қытайлық Ли Джуа Лунмен бәсекеге түсті. Тартысты кездесу негізгі сетте тең 5:5 есебімен аяқталды. Кездесу жеңімпазын анықтау мақсатында берілген соңғы мүмкіндікте қытайлық қарсыласы 10, отандасымыз Ильфат 8 ұпайды көздеді. Нәтижесінде, жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады.


Соңғы жаңалықтар