Іkomek қызметіне былтыр 1,6 млн шағым түскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Іkomek109» орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іkomek109» бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. 2018 жылы 1 млн-нан астам шағым түссе, 2019 жылы 1,6 млн-нан астам шағым түсті. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары жедел көмекті қажет етпейтін сұрақтарын қайда жіберетінін білетінін көрсетеді», - дейді «Іkomek109» байланыс орталығы басшысының орынбасары Берік Ахметов.

Оның айтуынша, шағымдар назардан тыс қалмайды.

«Шағымдар 109 нөміріне түседі. Одан кейін орталық мамандары олармен кері байланысқа шығады. Бір ауысымда 20-33 оператор жұмыс істейді. 1 сағаттан 1 тәулік ішінде жауап берілуі міндетті сұрақтар болады», - деді Берік Ахметов.

«Іkomek109» орталығының жұмысымен танысу барысында қала тұрғындары көбінесе қандай сұрақтар қоятыны туралы айтылды.

«Елорда тұрғындары көбінесе қоғамдық көлік, құдықтар, балабақшаға кезекке тұру туралы сұрақтар қояды. Ай сайын осы жерде жиналып, шағымдар бойынша мәселелерді талқылаймыз», - дейді маман.

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бұдан бөлек бірнеше нысанды, атап айтқанда Есіл ауданындағы Open Akimat-тың, №21 қалалық көппрофильді аурухананың, №9 қалалық емхананың, «Салауатты Астана» медициналық орталығының және Нұр-Сұлтандағы Орталық теміржол ауруханасының жұмысымен танысады.




Соңғы жаңалықтар