iKOMEК астаналық орталығына ТЖ режимі кезінде 160 000-нан астам қоңырау шалынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 5 және 19 қаңтары аралығындағы төтенше жағдай режимі кезінде iKOME қалалық орталығы 160 000-нан астам қоңырау қабылдады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына» сілтеме жасап.

Төтенше жағдай режимі кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан 160 000-нан астам қоңырау келіп түсті.

Қала тұрғындарын бәрінен де денсаулық сақтау, қоғамдық көліктің жұмысы мен төтенше жағдай режимінің шарттарына қатысты сұрақтар алаңдатты.

Сонымен қатар iKOMEK қызметкерлері тәулік бойы бейнебақылау камераларына мониторинг жасау арқылы елордадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Құқықбұзушылықтарды жедел анықтап, жойып отырды.

Орталықтың ТЖ кезіндегі ең маңызды міндеттерінің бірі қала тұрғындарымен және қонақтарымен үздіксіз байланыс орнату болды. Күрделі жағдайларда қала тұрғындары мен билік арасындағы жедел әрі нақты коммуникация маңызды рөл атқарады. Ал iKOMEK109 бұл тұста байланыс орнатып, тыныс-тіршіліктің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «көпір» қызметін атқарды.

«Әрине елде ТЖ жағдайы алынып тасталды деп, біз босаңсымаймыз, әрі қарай күшейтілген режимде жұмыс жасауды жалғастырамыз. Қазіргі таңда ел алдындағы үлкен мәселе коронавирус инфекциясының жаңа штамы – омикрон. Қазір карантиннің күшейтілуімен байланысты, екпе алу, қайта екпе алу туралы көптеген қоңыраулар келіп түсуде», - деді iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Анықтама:

iKOMEK109-ға жүгіну жолдары

1. Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz

2. Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);

3. iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

4. Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);


Соңғы жаңалықтар