Иісшіл иттердің көмегімен 237 қылмыстың беті ашылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ағымдағы жылы иісшіл иттердің көмегімен 237 қылмыстың беті ашылды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Бұл жолы Көкшетауда кеудеше ұрламақ болған студент қыз Мұхтар атты иісшіл иттің көмегімен қолға түсті. Облыс орталығындағы сауда орындарының бірінде орналасқан бутиктердің бірінің сатушысы қалалық ІІБ кезекші бөліміне белгісіз қыздың кеудеше ұрламақ болғаны жөнінде хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Мұхтар атты иісшіл иттің көмегімен тез арада күдіктіні қолға түсіріп, ол қылмысын мойындайды.

Кейін белгілі болғандай кеудешеге көзі түскен бойжеткен облыс орталығындағы ЖОО студенті екені анықталады.

Полицейлер иісшіл иттердің көмегімен көптеген қылмыстар мен тәртіп бұзушылықтардың беті ашылды деп отыр. Ағымдағы жылдың өзінде 237 қылмыс, оның ішінде 11 есірткі саудалағандар анықталды. Бүгінгі облыс полицейлеріне 50-ден астам осындай иісшіл ит көмек көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар