+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Иісшіл ит сөмкесіне есірткі салып алған тұрғынды ұстады

2020 жылғы 26 маусым 21:56
Бөлісіңіз:
Иісшіл ит сөмкесіне есірткі салып алған тұрғынды ұстады

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында иісшіл иттің көмегімен есірткімен жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада есірткі зертханасын ашқан үш қазақстандық пен бір шетелдік ұсталды ҚР ҰҚК ел тарихындағы ең ірі есірткі зертханасын ұйымдастырғандарды ұстады Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыннан 13,5 кг-нан астам есірткі тәркіленді

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 19.30-да болды.

«Рахат» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, 5548-әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрім «Детектив» деп аталатын иісшіл итінің көмегімен тұрғынның жол сөмкесінен 400 грамм марихуананы тапты.

Қолға түскен адам Жаңаөзен қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Көрсеткен қырағылығы мен кәсіби қызметі үшін А.Абдукәрім бөлім командирімен ынталандырылды.

«Детективтің» Ұлттық ұланда жүргеніне бес жылдан асты. Осы мерзімде иесімен бірге кинологиялық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ сарбаздарға қылмысты ашуға жәрдемдесіп келеді.

Аталған әскери бөлімде арнайы үйретілген 10 ит бар. Оларды есірткі және жарылғыш заттарды іздестіруге, патрульдік қызметке, қылмыскерлердің ізіне түсіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға пайдаланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT