+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Иіс сезуден қалып, әлсіздік пен тыныс алу ауырлағанда үрейге бой алдырмау керек - дәрігер кеңесі

2020 жылғы 6 шілде 16:22
Бөлісіңіз:
Иіс сезуден қалып, әлсіздік пен тыныс алу ауырлағанда үрейге бой алдырмау керек - дәрігер кеңесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иіс сезуден қалып, әлсіздік пен тыныс алу ауырлағанда үрейге бой алдырмау керек. Бұл туралы Астана медицина университетінің кафедра меңерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмәнданды Елімізде 1 423 коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония тіркелді 975 қазақстандық коронавирустан емделді

«Түрлі себептер иіс сезуден қалуға себеп болуы мүмкін. Тіпті адам психо-эмоциналды күйге түскен кезде, ашуланғанда иіс сезбей қалуы мүмкін. Сондықтан иіс не дәм сезуден қалған кезде үрейге бой алдырмаңыздар. ПТР-тесті қай жерден тапсыру қажеттігін іздеп жүгірудің, компьютерлік томографиядан немесе рентгеннен өтудің қажеті жоқ. Симптомдары дамуы үшін бақылау, күту қажет. Иіс сезуді жоғалту симптомы ғана мұның коронавирус екендігін білдірмейді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар Нұрила Малтабарова тыныс алу ауырлап, жөтел пайда болған кезде не істеу керектігін айтып берді.

«Коронавирус симптомдарының бірі - бұл жөтел мен тыныс алудың ауырлауы. Егер жөтел бар, ал тыныс алу ауырламаса онда бұл сізде коронавирус инфекциясы жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені, тыныс алудың ауырлауы - бұл ауру ағымының нашарлап, тереңдей түскенін білдіреді. Сондықтан жөтел болған кезде белгілі бір деңгейде сақтық болуы тиіс. Учаскелік дәрігерге міндетті түрде қаралып, симптомдары пайда болғанын айту керек. Өздігінен емделуге, тыныс алу ауырламаса коронавирус инфекциясы жоқ деп ойлауға болмайды»,- деді медицина ғылымдарының кандидаты.

Білікті маман әлсіздік сезімінің пайда болуы көптеген ауруларға тән екендігін айтады.

«Әлсіздік сезімінің пайда болуы тек коронавирусқа ғана емес, басқа да көптеген ауруға тән. Тіпті, адам психо-эмоциналды күйзеліске түскен кезде де әлсіздік, созылмалы шаршау синдромы байқалады. Сондықтан әлсіздік - бұл коронавирус дейді. Бүкіл әлем індетпен күресіп жатыр. Әрине, біз коронавирус індетіне басымдық береміз. Егер әлсіздік болса, онда оған мән беріп, дәрігерге қаралу қажет. Әлсіздікпен қатар басқа да симптомдар болуы мүмкін. Бірақ, әлсіздік - бұл коронавирус белгісі деуге және үрейге бой алдыруға болмайды. Жанама симптомдарсыз әлсіздік пайда болмайды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT