ІІМ жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қатысты деректерді жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 12 жылда республикада жасөспірімдер арасындағы қылмыстың орташа есеппен 6 пайызға төмендеуі байқалады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 12 жылда республикада жасөспірімдер арасындағы қылмыстың орташа есеппен 6 пайызға төмендеуі байқалады. Егер 2006 жылы кәмелетке толмағандар шамамен 8 мың қылмыс жасаса, өткен жылдың қорытындысында жасөспірімдер жасаған қылмыс шамамен 3 мың болды. Сонымен қатар адам өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, бұзақылық және қарақшылық әрекет жасау сынды ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің төмендегендігін атап өткен жөн», - деді Ә.Оспанов ҚР ІІМ-нің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған видеода.

Оның айтуынша, жасөспірімдер қылмысын төмендету және болдырмау үшін еліміздің Ішк істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен нақты жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, 2010 жылдан бастап көңіл көтеру орындарында ата-анасынсыз немесе заңды өкілсіз жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына және көңіл көтеру орнының меншік иесіне әкімшілік жауапкершілік енгізілген.

«Жыл сайын ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін шамамен 100 мың жасөспірім жеткізілсе, соның 50 мыңы тұрғын үйге арналмаған орын жайда болғаны үшін жауапқа тартылады. Сонымен қатар бізде 21 жасқа толмаған тұлғаларға кешкі сағат 21-00-ден келесі күнгі сағат 12-00-ге дейін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар