+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

ІІМ: Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады

2021 жылғы 19 шілде 12:12
Бөлісіңіз:
ІІМ: Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер мамандары интернетте вакциналау паспорты мен ПТР-тест анықтамасын сататын 46 жарнаманы анықтап, бірнеше шетелдік ресурсты бұғаттауға жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда вакцина паспортын 30-50 мың теңгеге сатқан дәрігерлер анықталды Ақсай қаласында 4 адам вахталық жұмысқа жалған вакцина паспортымен келген Жалған вакцина паспортын сатып алғандар қайтадан екпе салдыра ала ма

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полицияның барлық бөлімшелерінде арнайы мониторингтік топтар құрылып, олар интернет желісінде, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде, жергілікті пабликтерде, жарнамалық сайттарда орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтап, пысықтап жатыр.

«Полиция осындай 46 жарнаманы анықтады. Онда жалған вакцинация паспорттары, оң немесе теріс тест нәтижелері бар анықтамалар ақшаға ұсынылады. Аталған ресурстарда Ресей Федерациясында, Украинада, Үндістанда және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар бар», - дейді ІІМ өкілі.

Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, киберқылмыспен күрес орталығының мамандары алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемалардың қалай іске асатынын анықтаған.

Алаяқтар қармаққа ілінген азаматтарға вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен хабарлама жібереді. Осыған алданған азаматтар 2 компоненттің анықтамасы үшін сұраған ақшаны аударып жібереді. Ақша түскен бойда жарнама иесі байланыс аясынан жоғалады.

«Бірқатар жарияланымдарды талдау алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғанын анықтады, ал «сатушылар» үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданады. Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзғандарын түсінеді. Анықталған шетелдік ресурстарды Қазақстан аумағында бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді. Ішкі істер министрлігі азаматтарға қылмыстық процеске қатысудан аулақ болуға және қаныдарды мұндай әрекеттерден сақтандыруға шақырады», - дейді веодмствоның баспасөз өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT