ІІМ: Травматикалық қару азаматтық қару саласынан қызметтік қару саласына ауыстырылады

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі травматикалық қаруларды азаматтық қару саласынан қызметтік қару саласына ауыстыруды ұсынады.

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Травматикалық қару:заңнамалық реттеу мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

«Бұған дейін травматикалық қару елімізде еркін айналымда жүріп келді. Оны иелену үшін ешқандай рұқсат құжаттары да, анықтамалар да талап етілмейтін. Қарудың осы түрін сатуды ешкім бақыламайтын. Сондықтан да, 2008 жылы Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша травматикалық қару түрлері құқық органында міндетті түрде тіркелетін болды, оның иесі де сәйкес тізімге алынды. Иесі тұрақты мекен-жайын ауыстырғанда оны қайта тіркеу талаптары да енгізілген болатын», - дейді министр Қ. Қасымов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде травматикалық қаруы бар 38 мың адам тіркелген. Олардың қолында 43,5 мың жарақаттағыш қару бар.

«Жалпы травматикалық қару өзін-өзі қорғауға арналған. Алайда, тәжірибе көрсеткеніндей, қарудың бұл түрі тек санаулы ғана жағдайда адамның қылмыскер шабуылынан қорғануда қолданылған. Яғни, өзін-өзі қорғауға қарағанда, оны қолдану арқылы қылмыс жасау, травматикалық қарумен кісі өлтіру фактілері жеткілікті. Мәселен, соңғы бес жылды травматикалық қару қолдану арқылы жасалған қылмыс саны 8 есеге артты. Ал атыс қаруы қолданылып жасалған жалпы қылмыстың жартысынан астамы осы травматикалық қарудың еншісіне тиеді және оның басым бөлігі қасақана жасалған қылмыстар болып отыр», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар