ІІМ: Сынның астында қала бермей, сенімге ие болғымыз келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзі басшылық етіп отырған құзырлы ведомство азаматтық сектормен қалай бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні ішкі істер органдарының жұмысындағы реформалардың бірі - жемқорлықпен күрес. Оған қатысты шараларды ІІМ азаматтық сектормен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, ҮЕҰ-мен бірлесе жүргізуде. Мыңға тарта ұсыныс келіп түсті. Сұрақтардың көбін жүйелеп, талдап көргенімізде көп сауалдардың қайталанып жатқанын байқадық. Ақыры, осы ұсыныстардың ішінен 28-ін іріктеп алдық», - деді министр азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу барысында.

Ведомство басшысы өз сөзінде ІІМ қазақстандық қоғам көргісі келетін полицейдің сипатын жасау көзделіп отырғанын атап өтті.

«Реформаның бағдарламасын әзірлеуде белсенді түрде атсалысып жүрген азаматтарға ерекше алғысымды айтқым келеді. ІІМ Сіздермен әрдайым бірлесе еңбек етуге дайын. ІІМ тек сынның астында қалатын орган емес, сенімге ие болғанын қалаймыз», - деді ол.
null

Ерлан Тұрғымбаев өз сөзінде әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері жиі сынға ұшырап жататынын да мойындады.

«Көптеген сын пікірлер әлеуметтік желілерден түсіп жатқанын жасырмаймын. Жағымсыз сөздер де айтылып жатыр. Бірақ, қазіргі уақытта бізде полиция департаменттерінің және министрліктің өз ішінің жұмысына баға беріп отыратын арнайы мониторингтік топ құрылғанын атап өткім келеді. Біздің қызметкерлердің тәртіптен тыс әрекеттері бойынша шешім бірден қабылдануда. Тіпті жұмыстан шығаруға дейінгі шаралар да қолға алынған», - дейді министр.

null

Соңғы жаңалықтар