ІІМ реформасы аясында полиция қызметкерлерінің KPI көрсеткіші қайта қаралады - А.Калайчиди

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жүргізіліп жатқан ҚР ІІМ реформалау барысында полиция қызметкерлерінің KPI көрсеткіші қайта қаралатын болады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысында ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері қайта қаралатын болады. ІІМ реформалау тек идеялар мен ұсыныстар жиынтығы ғана емес екенін түсіну керек. Реформаның өзі Грузиядағыдай түбірімен өзгеріс немесе белгілі бір нүктелер ғана өзгеруі мүмкін дегенді білдіреді. Әр позицияны біз жан-жақты талдап, талқылауымыз, зерттеуіміз керек. Қазір жұмыс тобы сонымен айналысып жатыр. Үнемі шетелге шығып тұрамыз», - деді А. Калайчиди.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының кейбір бөлімшелерін оңтайландыру шарасы күтіп тұр.

Бүгінде жұмыс тобы функционалды талдау жасаумен, шетелдік тәжірибені отандық жүйемен салыстыру арқылы, қаржылық шығындарын есептеумен айналысып жатыр.

Алексей Калайчидидің айтуынша, жаңа тәртіп бойынша бөлімшелердің көрсеткіші төмен болса немесе қоластындағылар сыбайлас жемқорлықпен айналысатын болса,  жетекшілер қызметінен кететін болады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің қаржылық жағдайы мен әлеуметтік қорғалуына қатысты есептеулер жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар