ІІМ оқу орталықтары неліктен таратылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ведомствоға қарасты оқу орындарының неліктен таратылғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер жастарды 4 жыл бойы оқытсақ - бұл ұзақ жол. Уақыт орнында тұрмайды, бізге қазіргі уақытта шешімді әрекеттер қажет. Сондықтан осындай мамандарды дайындайтын еліміздің жоғары оқу орындарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оларды қабылдап, білімін жетілдіреміз. Бағдарлама үш және алты айлық болып бөлінеді. Барлығы адамның қай бағытта білім жетілдіретініне байланысты. Жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалистер 6 айлық курста, шолғыншы полиция, учаскелік инспектор, көші-қон полициясы 3 айлық курста дайындықтан өтеді», - деді ол ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен өткен ведомствоға қарасты ЖОО басшыларымен жиын аясында.

Оның атап өтуінше, оқу орталықтарын таратуға оқытушылар құрамының талапқа сай келмеуі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі себеп болған. Сонымен қатар, А.Калайчиди еліміздің Ішкі істер министрлігі киберқылмыспен күресте қаншай шараларды қолға алатынын айтты.

«Киберқылмыс тек біздің мемлекетімізге ғана тән қазіргі заманғы сын-тегеурін емес. Бұл проблемамен бүкіл әлем бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан ІТ-мамандарын дайындауға айрықша назар аударылуда. Себебі қылмысқа қарсы іс-қимылдың дәстүрлі әдістері киберқылмысты анықтауда, жолын кесуде және ашуда айтарлықтай тиімді емес»,- деді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар