ІІМ-нің құзырына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін басқа ведомстволардың қарауына беру керек - Ішкі істер министрі

None
None
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтың пікірінше, ІІМ-нің құзырына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін басқа ведомстволардың қарауына беру керек. Бұл туралы бүгін ол Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтіп жатқан алқа мәжілісінде мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, медициналық айықтырғыштарды денсаулық сақтау министрінің қарауына, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және қалпына келтіру орталықтарын Білім және ғылым министрінің құзырына беру керек. «Меніңше, бұл мәселе адам құқықтары саласындағы ең алдымен халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет», деді министр.

Оның пікірінше, Ішкі істер министрлігін құзырына сәйкес келмейтін қызметтерден босатып, бұл ведомство негізінен қоғамдық тәртіп пен қылмыспен күрес шараларымен айналысуы тиіс. Мұнымен қоса С. Баймағанбетов автокөлік диагностикасын бәсекелестік ортаға беру керектігін айтты. Атап айтқанда, қазіргі кезде бұл шараларды жол полициясы атқаруда. Осы орайда, министр Ішкі істер министрлігінде тиісті сапалы диагностиканы жүргізу үшін жағдай жасалмағандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар