ІІМ министрі елордадағы автобус апатына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таяуда елордада 3 жолаушылар автобусы соқтығысқан жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа дейінгі медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Барлықтарыңыз да «Сергек» камераларының арқасында автобустың қалай соғылғанын көрдіңіздер. Егер тежегіші істен шықса, жүргізуші апатты болдырмаудың өзге шараларын қабылдайтын еді. Медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ол жүргізуші өлімінің себебін көрсетіп береді», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол автобусқа да техникалық сараптама жүргізіліп жатқанын айтты.

«Автобустың алдыңғы бөлігінің талқаны шыққан. Меніңше, бір айдың ішінде жауабын береміз», - деді Е.Тұрғымбаев.

Айта кетейік, кеше елордада үлкен жол-көлік апаты болды. Қала маңына қатынайтын жүрдек автобус қатты жылдамдықпен бағдаршамда тұрған автобусқа соғылды. 301- бағдардың жүргізушісі және алдыңғы орында отырған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Жол апатынан 36 адам жарақат алды. Бір әйелдің аяғы ампутацияланды

Соңғы жаңалықтар