ІІМ қызметкерлерінің жалақысын біршама өсіру мәселесін қарастыру керек- министр С.Баймағанбетов

None
None
А. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша алдыңғы шепте жүрген қызметкерлердің жалақысын біршама жоғары көрсеткішке өсіру мәселесін қарастыру керек.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің жүйеде басқа құқық қорғау органдарына қарағанда жалақы көлемі төмен», деп атап өтті министр. Осы орайда ол полиция қызметкерлері қылмыспен күрестің алдыңғы шебінде тұрғанын, сондай-ақ олар өздерінің міндеттерін орындау кезінде көбі ауыр жарақат алып, қызметтерін атқару барысында мерт болып жататынын айтып өтті.

С. Баймағанбетовтың сөзіне қарағанда, ҚР Қарулы күштерінде бүгінде лейтенант шені үшін 23 мың теңгеден астам жалақы төленеді. Ал полиция лейтенанты тек 7 мың теңге алады. «Яғни, бұл шен үшін берілетін жалақы әскерилерге қарағанда үш есеге төмен», деді министр.

Сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметкерлерге төленетін жалақы 25 пайызға өсетінін айтып өткен министр, Үкімет басшысынан қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша алдыңғы шепте жүрген қызметкерлердің жалақысын біршама жоғары көрсеткішке өсіруді сұрады.

Соңғы жаңалықтар