ІІМ: Қылмыскерлер полиция мен әскерилердің киімін киіп заңсыздықтар жасады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тәртіпсіздіктер кезінде 100-ден астам ірі сауда нысаны мен банктер тоналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарақшылар 100-ден астам ірі сауда нысаны мен банктерді тонады. Алдын ала шығын 87 млрд теңгеден асады. Билік органдарының беделіне нұқсан келтіру үшін қылмыскерлер полиция, әскери қызметкерлердің кмиімін киіп, заңсыз әрекеттер жасады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ҚР Президенті елдің бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған сәйкес көлік құралдарының жүріп-тұруына, кіруіне және шығуына, құжаттарды тексеруге, жеке заттарын, автокөліктері мен жүктерін тексеруге негіз беріліп, сондай-ақ, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу сияқты шектеулер енгізілді», - деп түсіндірді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның мәліметі бойынша, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері көз жұмған.

Өкінішке қарай, бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің конституциялық құрылысын қорғау кезінде 16 полиция қызметкері қызметкер қылмыскердің қолынан қаза тауып, 1300-ден астам сақшы мен Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ, арнайы органдардың әскери қызметшілері жарақат алды», -деді Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар