ІІМ Қордайда ұсталғандар турасында: Іс сотқа жіберілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полицияға бағынбағаны үшін Қордай оқиғасынан кейін ұсталғандар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанжал шығарған адамдар бойынша, яғни полиция қызметкерлеріне бағынбаған үш адам ұсталып, іс сотқа жіберілді. Осы оқиғаларға себеп болған жағдайлардың бірі – ол қарт адамды соққыға жығу. Бұл жағдай бойынша кінәлілер анықталып, құрықталды», - деді М. Қожаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бөлек ол арандату күдігіне іліккендер бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті. Алдағы уақытта оларға қатысты ақпарат жарияланады.

Мұнымен қоса М. Қожаев ұсталған адамдардың санына баланысты нақты мәлімет жарияланатынын жеткізді.

«Таяу арада мәліметтерді аласыздар. Қордай оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын ведомствоаралық жедел топ жүргізуде. Өте үлкен жұмыстар атқарылуда, себебі орын алған жағдай ауқымды екенін атап өткен жөн», - деді Марат Қожаев.


Соңғы жаңалықтар