+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ІІМ көліктерді тіркеу мәселесі бойынша кеңес береді

2020 жылғы 16 қаңтар 13:06
Бөлісіңіз:
ІІМ көліктерді тіркеу мәселесі бойынша кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу мәселелерін түсіндіру үшін «қауырт желі» телефон желісін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған министрлік мәліметінше, Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері қазақстандықтарға 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда түскі үзіліссіз 09:00-ден 19:00-ге дейін) телефондары бойынша кеңес беруге дайын.

Сонымен бірге, 17-18 қаңтарда еліміздегі барлық өңірлік полиция бөліністері кезекті республикалық «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Азаматтарды мобильді жедел қабылдау пункттерінде ішкі істер органдарының мамандары әрбір адамның жеке жағдайына байланысты тіркеу тәртібін нақты түсіндіреді. Осындай кеңестерді полицияның фронт-кеңселерінен алуға болады.

«Жолда қабылдау» акциясы аясында және полиция фронт-кеңселерінде айыппұлдар туралы ақпараттар алуға, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады. Өздерінің кезек күттірмес сұрақтарын шешу үшін ешқандай бюрократтық кедергілерсіз тікелей әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларына жүгіне алады.

«Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін орындардың мекенжайларын өңірлік Полиция департаменттерінің сайттарынан білуге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT