ІІМ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы алғаш рет СҚО-да өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы алғаш рет өңірде - Петропавлда өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов бастаған елордалық қонақтар солтүстікқазақстандық полицейлердің жұмыс барысында пайдаланатын құралдары және техникасымен танысты. Жедел басқару орталығына, арнайы мұрағатқа, ПД музейі мен жатақханасына экскурсия ұйымдастырылды. Петропавл қ. ПБ фронт-офисінде, кезекші бөлімінде болды.
null

ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында СҚО Полиция департаменті және «Алтын-Бесік» мектепке дейінгі мекемесінің бірлескен жобасы аясында бөбектер қонақтарға өздерінің IT-идеяларын: жолдарда қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша құрастырылған электронды құрылғылары мен аспаптарын көрсетті.

СҚО ПД бастығы Берік Біләловтің айтуынша, ашықтық пен сервистік моделін көздейтін ІІО жұмысын жаңғыртуда жұртшылық пен халықтың пікіріне ерекше көңіл бөлінетінін және осы жұмысты ретке келтіру - көшпелі іс-шараның міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Полицияға жүгінген адам ғимаратқа кірер-кірместе кез-келген мәселе бойынша білікті көмек алуы тиіс. Осы тұста петропавлдық полицейлердің фронт-офисі былтырғы жылдың күзінде есігін айқара ашты», - деді ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамов.
null

Қазіргі уақытта СҚО-да 16 фронт-офис, оның ішінде 13-і аудандық полиция бөлімінде, 3-і Петропавл қ. жұмыс істейді.

Ішкі істер органдарында өткізілетін барлық іс-шараларға Консультативтік-кеңесші органның белсенді қатысуы - полицияның жұмысын ашық етеді. Бұл халық алдындағы есеп беру кездесулері, азаматтарды қабылдау, тәртіптік және аттестациялық комиссиялар, отырыстар болып табылады. Осы жұмыстың нәтижесі туралы СҚО ПД жанындағы ККО төрағасы Жасұлан Ахметов есеп берді.

null null

Соңғы жаңалықтар