ІІМ кәсіпкерлерді балалар батутының жұмысын уақытша тоқтатуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі жеке кәсіпкерлерді балалар батутының жұмысын уақытша тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ішкі істер министрлігі жеке кәсіпкерлерді ауа райы жақсарғанға дейін балалар батутының жұмысын уақытша тоқтатуға шақырады. Желдің күшеюі салдарынан балалар ойнап жүрген батуттарда қайғылы оқиғалар орын алуы мүмкін», - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, министрлік мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар балалар көңіл көтеретін жерлердің, атап айтқанда батуттар орнатылған жерлердің, балалар алаңдарының, велесипед жалға беретін орындардың қауіпсіздік ережесіне сәйкестігін шұғыл арада тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды қаласының Орталық саябағында күшті желден үрлемелі батут аударылып, оқиға салдарынан жарақат алған 12 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін сондай-ақ, Жаңаөзенде де қатты жел батутты аударып жіберген.

Соңғы жаңалықтар