+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

ІІМ қандай қауіпсіздік мәселелерін шешудің қажет екенін зерделеуде

2021 жылғы 8 сәуір 13:24
Бөлісіңіз:
ІІМ қандай қауіпсіздік мәселелерін шешудің қажет екенін зерделеуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полицияның сервистік моделіне көшу шеңберінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жергілікті полиция қызметінің жұмысын талдап, әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжілісте Қазақстанның су қауіпсіздігі мәселесі көтерілді Серік Қожаниязов: өңірлерде су арналарын тазартуға күш салу керек ШҚО-ға келген құтқарушылар тобы су тасқынының алдын алу шараларын жүргізуде

Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласында екі мыңнан астам адамнан сауалнама алынды. Респонденттер қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы қандай проблемалардың көп мазалайтынын атап өтті.

Анықталғандай, елорда тұрғындарын алаңдататын мәселелер төмендегідей:

кей жерлерде көше жарығының болмауы;

жол қауіпсіздігі, әсіресе мектептер мен балабақшаларға жақын жерлердегі қауіпсіздік;

үйлердің кіреберісіндегі алкоголь мен есірткі;

балалар алаңдарының қауіпсіздігі;

көшедегі иттер және жануарларды қорғау;

тыныштықты бұзу;

көп қабатты үйлерде орналасқан жеке бизнес нысандарындағы өртке қарсы қауіпсіздік.

Жүргізілген әлеуметтік сауалнама елорда тұрғындарын толғандыратын мәселелерді анықтап қана қоймай, халық пен полиция арасындағы байланыс әрбір елді мекендегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін маңызды екенін көрсетті.

– Тиімді серіктестік құру – бұл қазақстандық полицияның сервистік модельдің басты негізі. Әлеуметтік сауалнамалар қоғамның қауіпсіздік қажеттіліктерінің құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді. Жергілікті полиция қызметтері нақты алдын алу шараларын әзірлеуі үшін осындай зерттеулер әр өңірде жүргізілетін болады, – деп атап өтті министр.

Әлеуметтік зерттеулерді дайындауға және өңдеуге «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық ұйымы қатысты. ҚАЗГЗУ университеті, TheGuests жобалау-консалтингтік компаниясы және Қазақстан баспасөз клубы сараптамалық-талдау және консультативтік көмек көрсетті.

– ІІМ серіктестер шеңберін кеңейтуді жалғастыруда және басқа да сараптамалық ұйымдарды, барлық азаматтарды қоғамдық қауіпсіздік саласындағы проблемаларды бірлесіп шешу үшін өз идеяларымен бөлісуге шақырады, – деп атап өтті Ішкі істер министрі.

Зерттеу қорытындысы бойынша ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жергілікті полиция қызметі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында практикалық ұсынымдар, учаскелік және патрульдік полицейлердің басқару жүйесінде және жұмысында жаңа тәсілдер мен әдістер әзірлейтін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT